Федерация Бадминтон ЗКО

Федерация Бадминтон ЗКО Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Федерация Бадминтон ЗКО, Sports Event, Улица Ескалиева 175, Oral.

30/08/2026

Батыс Қазақстан облысының спортшылары бадминтоннан Азия чемпионатына қатысуда

2026 жылғы 27 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында бадминтоннан 2026 жылғы Азияның аймақтық чемпионаты (Орталық Азия) өтуде.

Жарысқа U16, U19 және U23 жас санаттарындағы спортшылар қатысуда. Чемпионат бағдарламасында аралас командалық жарыс (Mixed Team) және жеке біріншілік (Individual Event) бойынша сайыстар қарастырылған.

Аталған халықаралық додаға Батыс Қазақстан облысының атынан үш спортшы қатысуда:

* Сағындық Жанерке;
* Рахметуллаева Наргиза;
* Сағындық Расул.

Командалық жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрамасы жоғары нәтижелер көрсетті:

🥈 U23 жас санаты – 2-орын
🥉 U16 жас санаты – 3-орын

Спортшыларымыз халықаралық деңгейдегі жарыста ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының жүлделі орындарға ие болуына өз үлестерін қосты.

Мұндай ірі жарыстар жас спортшылар үшін халықаралық тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға және өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде сынауға үлкен мүмкіндік береді.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, жеңіс және толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿🏸

🇰🇿Сурдоспартакиада: БҚО бадминтоншылары жартылай финалдаОрал қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының IV сурдоспа...
19/08/2026

🇰🇿Сурдоспартакиада: БҚО бадминтоншылары жартылай финалда

Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының IV сурдоспартакиадасы жалғасуда. Байрақты бәсеке аясында бадминтоннан жекелей сайыстар басталды.

Іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен батысқазақстандық спортшылар Әлихан Садықов пен Сәлима Бақытова жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Енді өңір намысын қорғаған қос спортшы жүлделі орындар үшін тартысты бәсекеге түседі.

Бадминтон жарысының жартылай финалдық ойындары 21 тамызда өтеді.

БҚО құрамасы өкілдеріне сәттілік тілейміз! 🇰🇿
————-

🇰🇿🏸 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА! 🇲🇾11–16 тамыз аралығында Малайзияның Ипох қаласында өті...
12/08/2026

🇰🇿🏸 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА! 🇲🇾

11–16 тамыз аралығында Малайзияның Ипох қаласында өтіп жатқан PETRONAS MALAYSIA INTERNATIONAL CHALLENGE 2026 халықаралық турниріне Батыс Қазақстан облысының спортшылары қатысуда.

🏸 Тапишев Арнұр
🏸 Сағындық Жанерке
🏸 Рахмейуллаева Наргиза
🏸 Амангелдинова Лазиза

Спортшыларымызға сәттілік, мықты ойын, жарқын жеңістер және жоғары нәтижелер тілейміз!

ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен ықпалы үшін төмендегі мекемелерге шынайы алғысымызды білдіреміз:

• Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына;
• «Конденсат» АҚ-на;
• Батыс Қазақстан облысының Олимпиадалық резерв даярлау орталығына;
• Теннис бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебіне.

03/08/2026
28/07/2026

🇰🇿 Батыс Қазақстан облысының құрамасы халықаралық жарыстарға қызу дайындық үстінде!

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының спортшылары Малайзияның Куала-Лумпур қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Жиын барысында спортшылар дене дайындығын шыңдап, техникалық және тактикалық шеберліктерін жетілдіруде. Алдағы басты мақсат – Азия ойындары мен Орталық Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғау.

Спортшыларымызға сәттілік, қажыр-қайрат және жарқын жеңістер тілейміз!

Address

Улица Ескалиева 175
Oral
090000

Telephone

+77753513173

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Федерация Бадминтон ЗКО posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Федерация Бадминтон ЗКО:

Shortcuts

Share

Category